Алматыда жылу желілерін реконструкциялау кезінде - 16-17 тамызда бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарлауынша, Алматыда жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты бірнеше көшеде ішінара автомотокөліктердің қозғалысы шектеледі.
2023 жылғы 16 тамыз сағат 10.00-ден бастап Әуезов ауданында Сүлейменов көшесімен (автобус жолағы бойынша) Тоқтабаев көшесінен Пятницкий көшесіне дейін, сонымен қатар, Түрксіб ауданында 16 тамыз сағат 21.00-ден 17 тамыз сағат 06.00-ге дейін Сейфуллин көшесінен Монтина көшесіне дейін (шығыс бағытта) көлік қозғалысы шектеледі.
"Аталған көшелер астындағы магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!