- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 1,5 миллион...
Алматыда 1,5 миллион теңгенің құрылыс материалдары ұрланды
Алматыда 1,5 миллион теңгенің құрылыс материалдары ұрланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Түнгі сағат екілер шамасында белгісіз үш адам Орманов көшесіндегі үйлердің біріне заңсыз кіріп, құрылыс материалдарын ұрлап кеткен. Тергеу "үштіктің" қылмысқа дайындалғанын анықтады, осы мақсатта "Газель" көлігі жалданды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілер ұсталды. Олардың үшеуі бұрын сотталған Өзбекстан Республикасының тумалары, 28-30 жас аралығындағы азаматтар. Көшедегі бейнебақылау камераларының жазбалары дәлел болды. Ұсталған адамдардың жеке басы басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде", - деді, Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Әбдінұр Тасыбаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина