- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 15 жасқа...
Алматыда 15 жасқа дейінгі балалар метромен тегін қатынайтын болды
Алматыда 15 жасқа дейінгі балалар метромен тегін қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алайда мұндай мүмкіндік тек бір күн ғана беріледі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Метрополитен" осылайша 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай кішкентай жолаушыларға сыйлық жасамақшы.
"Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, 1 маусым күні Алматы қаласы метрополитенінде 15 жасқа толмаған балалардың жол жүруі тегін болады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда екі жаңа метро станциясының ашылғаны хабарланған болатын. Айта кетейік, 2012 жылы тәулігіне жолаушылар ағымы 15-16 мың адам болса, ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 24-25 мың адамға дейін ұлғайды. Үкіметтегілер жаңа станциялар ашылғаннан кейін тәулігіне жолаушылар ағымының екі есе көбейетінін айтып отыр.
М. Бисембаева