- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 15 адамды...
Алматыда 15 адамды алдаған әйел ұсталды
Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны 15 адамды алдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірің Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, жылжымайтын мүлік саласында алаяқтық жасады деген күдікпен 1985 жылы туған К. ұсталған.
"Әйел "тұрғын үйді жалға беру" бизнесімен айналысқан, пәтер жалдаған. Меншік иелерімен келісім-шарт жасалғаннан кейін пәтерді басқа адамдарға "ұзақ уақытқа" жалға берген. "Пәтер иесінің" жалғыз шарты алдын ала төлем жасау немесе тұру ақысын толық төлеу болған. Ал сомалар 150-ден 400 мың теңгеге дейін өзгеріп отырған. Жедел уәкілдер бұл қылмыстарды жасаған күдіктіні анықтады және ұстады. Бірқатар алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Қанапяев.
Ал ұсталған адам осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотты болғаны анықталған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова