Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапқан болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
30 қарашада сағат 05:33-те Ади Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Қазір жатақхана ғимаратын полиция қоршауға алған, құқық қорғау органдары ғимаратқа жақын баруға рұқсат бермейді.
Көрші үйлердің тұрғындары мен эвакуацияланған жатақхана қонақтары әлі көшеде тұр.
Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды.
Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды.
"2023 жылғы 30 қарашада Әди Шәріпов көшесіндегі өрттен зардап шеккен үш адам сағат 08:40-қа дейін жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!