Әлеуметтік желіде 12 жастағы қыз 13-қабаттан секіріп кетті деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желідегі жазбадағы ақпаратқа сәйкес, оқушы қыз қосымша сабаққа шығып кеткен. Алайда ол 13-қабатқа көтеріліп, секіріп кеткен.
Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
"Бұл дерек бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайы анықталып жатыр", – дейді ПД өкілдері.
Полицейлер оқушы қыз "Синий кит" ойынын ойнады деген ақпаратты жоққа шығарды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз