Алматыда 12 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қайтыс болды

Алматыда 12 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қайтыс болды. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Полиция қайғылы оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 13 жастағы екі жасөспірім балаға тоғыз пышақ жарақатын салған. Қайғылы оқиға 10 маусымда Түрксіб ауданында болған.

Алматы Полиция департаменті қылмыс жасады деген күдікпен 13 жастағы тұрғын ұсталғанын хабарлады. Ол бұрын жәбірленушімен таныс болған.

Алдын ала мәлімет бойынша кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал кезінде марқұм жарақат алған. Қазір күдікті арнаулы мекемеге орналастырылған.

Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!