Алматыда 11 шілдеден бастап екі автобус бағыты өзгереді

Алматыда екі автобус бағыты өзгереді. Бұл туралы Алматы қаласының Көлік холдингі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындарының өтініші бойынша 11 шілдеден бастап мына маршруттардың қозғалыс схемалары өзгереді:

  • Түрксіб ауданы Спасская көшесіндегі №13 маршруттың қозғалысы Солтүстік зиратқа дейін ұзартылды. Бұдан әрі схема бойынша.
  • №129 маршрут солтүстік бағытта жүріп, Қарасу шағын ауданына, ал оңтүстік бағытта қозғалған кезде Заводская көшесімен тура жүреді. Бұдан әрі схема бойынша.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!