- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 11 жастағы...
Алматыда 11 жастағы қыздың асқазанынан бір келі шаш шықты
Алматыда 11 жастағы қызға шұғыл операция жасалып, асқазанынан 1 келі шаш алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
11 жастағы алматылық шұғыл түрде тексеруге жеткізілген.
"Баланың іші ауырып, бір апта бойы лоқсып, тәбеті болмай, әлсіреп кеткен. Ол ауруханаға жатқанға дейін асқазан-ішек жолдарының бұзылуына арналған амбулаториялық ем қабылдап жүрген", - дейді іріңді және кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.
Дәрігерлер баланы тексеру барысында оның асқазанында лас қара түсті зат барын байқаған. Мамандар наркоз арқылы операция жүргізді.
Дәрігерлердің сөзінше, мұндай жағдайлар шашты басынан, қастарынан және кірпіктерінен жұлып алуға және жұтуға патологиялық бейімділігі бар қыздарда кездесетінін айтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина