Алматыға Оңтүстік-Шығыс Азиядан Kenji Chai атты суретші қаланың жаңа муралдар топтамасына үлес қосу үшін ұшып келді. Бұл туралы Алматы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Суретші Алматыдағы ІІІ Халықаралық MURAL FEST үй қабырғаларына салынатын суреттер фестиваліне алғаш қатысып жатыр. Kenji Chai Малайзиядағы ең биік муралдың (87,1 метр) авторы. Суретші жаңа туындысын Әуезов ауданы, Мамыр-3 ықшам ауданындағы 9 қабатты үйге салады. Мен өз мүмкіндіктерімді барынша шебер көрсеткім келеді. Kenji Chai, Куала-Лумпур Алматы өте сұлу мегаполис, мен өз жұмысым арқылы осы алмалы қаланың рухын бейнелегім келеді, - дейді Kenji Chai. Алматы күніне орай ұйымдастырылып жатқан MURAL FEST аясында тағы 10 үйдің қабырғасына сурет салу жоспарланған. Бұған дейінгі 2 жыл ішінде Алматыдағы 17 көп қабатты үйге мурал салынған екен. Kenji Chai Биылғы фестивальге Украина, Ресей, Малайзия, Түркия, Ұлыбританиядан ондаған белгілі суретші қатысып жатыр. Андрей Кравченко, Алматы Бірінші болып декоративті көркем суретті Украиналық Андрей Кравченко Бостандық ауданындағы Тимирязев-Жароков көшелерінің қиылысындағы ғимаратқа салды. ZUKCLUB, Алматы Кейін ресейлік ZUKCLUB командасы іске кірісті. Олар Абай Құнанбайұлы мен Ахмет Байтұрсынұлының суреттерін Абай (117 үй) мен Байтұрсынұлы көшелерінде салып жатыр.