Алматыда 1 маусымда балалар метромен тегін жүре алады

Алматыда 1 маусымда балалар метромен тегін жүре алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда Алматыда 14 жасқа дейінгі балаларға метромен тегін жол жүру ұсынылады.

"Бастама осынау ерекше мейрам күні балалары бар отбасыларды қолдауға бағытталған. Күні бойы, метрополитен ашылған сәтінен бастап және станциялар жабылғанға дейін тегін жол жүруге болады", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз