Алматыда 1 маусымда азық-түлік сатпайтын базарлар ашылады

Алматыда 1 маусымда азық-түлік сатпайтын базарлар ашылады
Фото: tengrinews.kz

Алматы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин карантин кезеңіндегі азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"25 мамырдан бастап, яғни алдағы дүйсенбіден бастап, біз ХҚКО-лар мен бұрын жабылған азық-түлік сататын орындар және ондағы әмбебап базарлардың жұмысын жаңартуды жоспарлап отырмыз. Бұл базарлар 25 мамырдан бастап бір уақытта ашылады деген сөз емес. Олар санитарлық-эпидемиологиялық нормативтерге сәйкестігі туралы акт өткеннен кейін ғана жұмысын бастайды", - деп түсіндірді Еркебұлан Оразалин.

Оның айтуынша, карантин кезінде осындай 23 нысанның тек 13-іне ғана жұмыс істеуге рұқсат берілген.

"Қазір 10-ға жуық базар қалып отыр (жабық - автор). Сондай-ақ, 11-шіcі бар, бұл даладағы "Барыс" базары. Олардың барлығы 25 мамырдан бастап қабылдауға дайындалып жатыр, комиссиямен жұмыс істеп жүр. Өкінішке қарай, әзірше бәрі жұмысқа дайын деп айта алмаймыз", - деді Еркебұлан Оразалин.

Кәсіпкерлер ашылу үшін бұрынғыдай infoalmaty.kz сайтына өтінім бере алады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік басқармасының басшысы азық-түлік емес нарықтарға қатысты ақпарат берді.

"Азық-түлік емес базарлар бойынша комиссиялық шешім қабылданғанын растаймыз. Алдын ала мәліметтер бойынша, тиісті аудиттен өткеннен кейін олар 1 маусымнан бастап жұмысқа оралады", - деп атап өтті Еркебұлан Оразалин.

Еске салайық, Алматыда 25 мамырдан бастап СҮ, СО, СОО аумағында орналасқан азық-түлік емес бутиктер, сұлулық салондары, химиялық тазалау орындары және мейрамханалар жұмысын қайта бастайды. Сауда нысандарының жұмысы 23.00-ге дейін рұқсат етіледі. СҮ, СО және СОО аумағындағы тамақтанатын орындардың ашылуы келесі, екінші кезең аясында жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ, 25 мамырдан бастап Алматыда қонақ үй кешендерін, қоғамдық тамақтану нысандарын және діни ғимараттарды кезең-кезеңмен іске қосу жоспарланды.

 
Massaget