- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда 1 қыркүйекте...
Алматыда 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау өтетін болды
Алматы мектептерінде 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау жиыны өтетін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұ туралы әкімдік өкілдері хабарлады.
Алматыда Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар 1 қыркүйекте қаладағы барлық мектепте өтеді.
"Білім күні" 1 қыркүйекте 1-сынып оқушыларының қатысуымен "Мектебім – мейірім мекені" тақырыбында салтанатты іс-шара түрінде өткізіледі.
2 қыркүйекте бірінші сабақта 2-11 сынып оқушыларының қатысуымен "Менің Отаным – Қазақстан!" тақырыбында дәстүрлі сынып сағаты өтеді, одан кейін сабақтар кесте бойынша жалғасады.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қалада 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау өтпейтінін мәлімдеген болатын. Нүсіпова алматылық оқушылар үшін алғашқы қоңырау 2 қыркүйек - дүйсенбі күні өтетінін хабарлаған.
Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйек - жексенбі күні алғашқы қоңырау өтеді.
Яғни дәстүр бойынша алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте бүкіл Қазақстан бойынша өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина