• 499.94
  • 490.7
  • 5.64

Алматыда 1 ақпаннан бастап суық судың тарифі өзгереді

Алматыда 1 ақпаннан бастап суық судың тарифі өзгереді
Фото: depositphotos.com

1 ақпаннан бастап 2020-2024 жылдарға арналған, бұрын бекітілген тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты сумен жабдықтауға және су бұруға жаңа тарифтер енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденееваның айтуынша, инвестициялар, жалақыны ұлғайту, иесіз желілерді ұстау және стратегиялық тауардың құны қарастырылған.

2025 жылғы 1 ақпаннан бастап мынадай жаңа тарифтер қолданысқа енгізіледі:

  • Сумен жабдықтаудың орташа тарифі - 135,24 теңге/м3,
  • Су бұруға 83,54 теңге/м3.

Халық үшін сумен жабдықтаудың базалық тарифі 91,96 теңге/м3 дейін, ал су бұруға 83,54 теңге/м3 дейін өседі.

Бұл ретте басқа тұтынушылар мен бюджеттік ұйымдар үшін тарифтердің төмендеуі немесе қалыпты өсуі көзделген.

Сонымен қатар Алматыда тұратын тұтынушылар үшін орташа түбіртек:

  • суық сумен жабдықтау бойынша 32 м2 тұрғын алаңы бар 1 бөлмелі пәтер үшін 156 теңгеге және кәріз үшін 139 теңгеге (295 теңге) артық;
  • тұрғын алаңы 48 м2, 2 бөлмелі пәтер үшін суық сумен жабдықтау бойынша 234 теңгеге және кәріз үшін 208 теңгеге (450 теңге) артық;
  • тұрғын алаңы 88 м2, 3 бөлмелі пәтер үшін суық сумен жабдықтау бойынша 312 теңгеге және кәріз үшін 278 теңгеге (600 теңге) артық.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова