- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы зообағында пантера...
Алматы зообағында пантера дүниеге келді
Алматы зообағындағы Васька мен Момын атты ягуарлардың Мика мен Мади атты егіздері дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Олар 9 шілдеде туған, бірақ біз олар туралы қазір ғана айтып отырмыз, өйткені біз өте ырымшылмыз және төлдердің күшейіп өсуін күттік. Мика әкесіне ұқсайды, терісінің түсі қара, ал Мади анасы сияқты, терісі теңбіл. Бірақ Миканың мінезі анасына тартқан, өте мейірімді, ал Мади анасына ұқсаса да, әкесі Васька сияқты шапшаң тентек", - делінген зообақ хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Зообақ мәліметінше, жалпы, анасы мен төлдердің жағдайы жақсы. Кез келген үй марғаулары сияқты, Мади мен Мика да бір-бірімен немесе анасының құйрығымен ойнағанды ұнатады.
Ягуарлар Оңтүстік Американың жылы елдерінің тұрғындары болғандықтан, олар қыста "Жыртқыш сүтқоректілер" павильонында тұрады. Хайуанаттарды Алматы зообағынан тамашалауға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина