Алматы зообағында “Қызыл кітапқа“ енген қонжықтар дүниеге келді

Алматы хайуанаттар бағында тағы бір қуанышты жаңалық тіркелді. "Қызыл кітапқа" енген Тянь-Шань қоңыр аюлары жұбынан екі қонжық дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жыртқыш сүтқоректілер бөлімінің басшысы Гауһар Сіргебаеваның айтуынша, қонжықтар Құрманбек пен Герданың жұбынан тараған. Бұл - Герданың төртінші төлі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қонжықтар өте әлсіз болып туады: көзі көрмейді, құлағы естімейді, денесі түксіз болады. Алғашқы 3-4 айда олар жылы үйшікте жатып, енесін еміп қоректенеді. Осы уақыт бойы зообақ мамандарының бақылауында болды. Қазір екі қонжық та өсіп қалды", - деді ол.

Қонжықтардың бірі еркек, екіншісі ұрғашы.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!