Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
"Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысына және басқа да тұлғаларға қатысты тергеу аяқталды. Қазір қылмыстық процеске қатысушылар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 295,296-баптарына сәйкес, іс материалдарымен танысып жатыр", - деді Антикор өкілдері ресми сауалға жауап беріп.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!