- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы ҰҚКД бұрынғы...
Алматы ҰҚКД бұрынғы басшысы 6 жылға сотталды
Фото:
freepik
Алматы қаласы ҰҚКД бұрынғы басшысының ісі бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы ҰҚКД-ның бұрынғы басшысы билік және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
"Сот үкімімен М. Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлімі бойынша 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ, ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова