• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматы тұрғынынан “тыңшы“ құрылғысы тәркіленді

Алматы тұрғынынан “тыңшы“ құрылғысы тәркіленді
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Алматы тұрғынынан "тыңшы" құрылғысы тәркіленді. Мән-жайды полиция айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласының Алмалы ауданында құқық қорғау органдары арнайы рейд барысында күдік тудырған 35 жастағы ер адамды ұстаған. Ол Әйтиев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында рұқсат етілмеген дыбыс жазу функциясы бар USB флэшканы сатып, заңсыз құрылғыны әлеуетті клиентке өткізбек болған.

"Бұл әрекет - заңға қайшы және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 399-бабында қарастырылған құқықбұзушылық. Осы дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы ақпаратты жасырын алу үшін арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, дайындау, алу, өткізу немесе пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады", – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Анес Қалдыбаев.

Тергеу мүддесіне байланысты ҚР ҚК-нің 201-бабына сай өзге ақпарат жарияланбады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget