- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы тұрғынына Бишімбаевтың...
Алматы тұрғынына Бишімбаевтың соты туралы жазбасы үшін айыппұл салынды
Алматы тұрғынына Қуандық Бишімбаевтың соты туралы жазбасы үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Ислам Угушев есімді қолданушының үндеуі пайда болды. Оның сөзінше, Қуандық Бишімбаевтың соты туралы жазбасынан кейін құқық қорғау органдары соңына түсіп, айыппұл салған. Ол желідегі жазбасында Бишімбаев сотта телефон қолданып отыруы мүмкін деген болжам жасаған.
@singer_lanamuzik @С.О.Б. #поискпропавших #судбишимбаева #пареньизалматы #салтанатнукенова #суд #полицияказахстана #давлениенаблогеровказахстана #исламугушев ♬ оригинальный звук - lanakz_almati
Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі әлеуметтік желідегі парақшаның авторы анықталғанын, ол сот процесі барысында сотталушы Бишімбаев ұялы телефон пайдаланғанын айтқанын мәлімдеді.
"Ол жалған ақпарат жариялағаны үшін жауапқа тартылды", - деді полиция.
Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаевқа қатысты сот отырысында қатысушылардың бірі сотталушының телефонынан дауыс шыққанын айтты.
Судья қатысушыға Бишімбаевқа жақындап, телефон бар-жоғын тексеруді ұсынды, алайда ер адам жауап қатпады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова