Алматы қаласының тұрғыны 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жай
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы қаласының тұрғыны Е.Байқожаға үкім шығарды. Ол "Чапаев – Жаңақала – Сайхин" тасжолын күрделі жөндеу жөніндегі шарттың жалпы сомасының 30% мөлшерінде алдын ала төлем жасағаны үшін облыс әкімдігінің лауазымды адамдарына кәсіпкерді пара беруге итермелегені үшін және 50 млн теңге сомасына алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот шешімі
Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова