- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы тұрғыны порнографиялық...
Алматы тұрғыны порнографиялық материалдарды таратқаны үшін айыпталып жатыр
Алматылық тұрғын порнографиялық материалдарды таратқаны үшін айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті танымал әлеуметтік желілерде жариялаған видеоға қатысушылардың бірі полицияға арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны қорқытып, үнемі аңдып жүрген.
"Интернетте порнографиялық материалдарды таратқаны үшін 1985 жылы туған В. есімді азамат ұсталды. Одан рұқсат етілген тінту барысында порнографиялық бейнематериалдар мен бейнежазбалары бар дискілер анықталды. Заттай айғақтар тәркіленіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы және 147-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тәркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды", – деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан