Алматыда 33 жастағы ер адам шие сүйегін жеп қойып, гидроциан қышқылымен уланып қалған. Салдарынан ол комаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Туыстары ер адамды еденде дәрменсіз күйде жатқан жерінен тапты. Олар жедел жәрдем шақырып, науқас дереу №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тез әрекет етуге мәжбүр болды, өйткені науқас 1-2 дәрежелі кома жағдайында болды.
Ер адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер уақытылы интенсивті терапияны бастаған. Күні бойы мамандар оның жағдайын мұқият бақылап, улану себебін анықтау үшін сынақтар жүргізді.
"Токсикологияның нәтижелері келді: есірткі заттары табылған жоқ. Таңертең науқас есін жиып, сұрақтарға жауап берді", - деді реаниматолог Клара Жармағамбетова.
Дәрігерлермен әңгімелесу барысында ер адам осы оқиғаның алдында ішінде сүйегі бар бір стақан шие шарабын ішкенін айтты. Шие сүйегінде амигдалин гликозиді бар, ол асқазан сөлінің әсерінен гидроциан қышқылын, яғни ең күшті у бөледі.
"Тұнбада немесе үй шарабында гидроциан қышқылы көп мөлшерде болуы мүмкін, сондықтан шие сүйегін жұтып қоймауға кеңес береміз", - деп ескертті дәрігер.
Статистикаға сәйкес гидроциан қышқылынан улану салдарынан 78 пайыз жағдайда адамды өлім құшады. Алайда бұл жағдайда ер адамның жолы болып, туыстары уақытында тауып, қажетті медициналық көмек алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!