- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы тұрғыны қазақша...
Алматы тұрғыны қазақша стильде матрешкалар жасайды
Алматы тұрғыны Мәдина Темірғалиева қазақша стильде матрешкалар жасайды. Оның жұмысы үлкен сұранысқа ие, - деп хабарлайды inАlmaty.
Мәдина Темірғалиева Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Ол - мамандығы бойынша киім дизайнері, бірақ қазір қолөнермен айналысады. Ол ағашты көңілді матрешкаларға айналдырады. Оның үстіне, барлығы ою-өрнектермен безендірілген әрі қазақтың ұлттық киімдерін киген.
Мәдинаның жұмыстары шетелдіктер арасында үлкен сұранысқа ие, бірақ қазақстандықтар да көңілді қуыршақтарды сатып алуға дайын екен. Қыз алты сериясын ойлап тапқан, олардың әрқайсы бес бөліктен тұрады. Қазір ол матрешкалардың тағы екі желісі бойынша жұмыс бастауды жоспарлап отыр.
Ж. Қадыржанова"Адамдарды ата-бабаларымыздың музыкалық мұрасымен таныстырғым келеді. Менің матрешкаларым қолында домбыра, қобыз және басқа да аспаптарды ұстайды. Сондай-ақ, үй жануарлары бейнелетін матрешка жасауды армандаймын. Өкінішке қарай, қазір үй жануарларына қатігездікпен қарау жиі кездеседі және қоғамның назарын осы мәселеге аудару қажет. Матрешкаларым жануарлар мен құстарға қамқорлық жасаудың қаншалық маңызды екенін көрсетеді. Адам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты!" - дейді Мәдина Темірғалиева.