Алматы тұрғыны бес айлық екі арыстанды қоймада заңсыз ұстаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 4 мамырда Алматы облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда бес айлық екі арыстанды заңсыз ұстаған 2001 жылы туған А.-ны әшкереледі.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің облыстық полиция полковнигі Бауыржан Әленов.
Полиция қызметкерлері бұл жерді тексеріп, жануарларды тәркіледі.
Дерек бойынша қылмыстық істің толық және жан-жақты тергеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!