- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы тұрғындарының саны...
Алматы тұрғындарының саны қашан 3 миллионға жететіні белгілі болды
Бас жоспарды әзірлеушілер Алматыда халық саны артады деп болжап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматының бас жоспарын қоғамдық талқылау барысында әзірлеушілер қала халқының өсуі бойынша болжам туралы айтты. Сәулетшілердің айтуынша, қала халқы келушілер есебінен 60 пайызға, ал туу көрсеткіші есебінен 40 пайыз.
"Біз 2014 жылы халық келушілер есебінен 134 мың адамға артқанын көріп отырмыз. Бұл қалаға 22 мың гектар жер кесілген кезде болды. Әрі қарай, жалпы халықтың өсу қарқыны біркелкі болды. Біз, негізінен, ұсынылатын болжамды халық саны табиғи өсім есебінен артады деп болжап отырмыз. Механикалық өсу (келушілер есебі - еск.) аздап төмендейді. Табиғи өсім 2021 жылғы 47 пайыздан 2050 жылға қарай 60 пайызға дейін артады", - деді Бас жоспарды жасаушы Тамара Залогина.
Бас жоспарды әзірлеушілердің болжамы бойынша, 2030 жылға қарай қала халқының саны 2,5 миллион адам болады, 2040 жылға қарай ол 3 миллион адамға және 2050 жылы 3,6 миллион адамға жетеді.
Қаланың өсіп келе жатқан тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа тұрғын үй құрылысының көлемі 2040 жылға дейін 45,6 миллион шаршы метр тұрғын үй болуы тиіс. Жаңа құрылыс алаңы 5756 гектар болуы керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек