Алматы тұрғындарына тиіскен жасөспірімдердің тағы бір видеосы тарады

Көктемде әлеуметтік желіде Алматыдағы саябақтардың бірінде болған оқиғаның видеосы тарады. Онда шетелдік қыздар саябақта жүргендерге тиіскені айтылды. Кейінірек Ішкі істер министрлігі жасөспірімдер елден шығарылатынын мәлімдеді. Алайда әлеуметтік желіде қыздар Астанада жүргені айтылатын тағы бір видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрда бірнеше қыз автобуста отырғаны көрінеді. 

"Депортацияланған" қыздар естеріңізде ме? Жергілікті тұрғындар қазір олар Астананы шулатып жүргенін жазып жатыр. Солар ма, жоқ па?" - деп жазылған видео жазбасында.

Алматы Полиция департаменті бұл жазбаны тексергенін мәлімдеді.

"Видеоға тексеріс жүргізілді, осылайша бұл ескі видео екені анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Ақпаратқа сүйенсек, видео 2024 жылы түсірілген. Сондай-ақ, полиция бұған дейін жасөспірімдерге қатысты сот шешімі қабылданғанын еске салды. Олар сот шешімі бойынша депортацияланған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!