Алматы тұрғындарына тағы да ескерту жасалды

Алматы тұрғындарына тағы да ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазгидромет синоптиктері Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"22 маусымда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

"Бұл кезде елді мекендерде ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы)", – деп түсіндірді синоптиктер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget