Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

Алматы тұрғындарына ескерту жасалды
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"30 маусымда Алматы және Ақтөбе қалаларында, түнде Атырау және Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget