Алматы тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"10 тамызда Алматы, Ақтөбе, түнде Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!