Алматы тұрғындары тосын көріністің куәсі болды: ТЖД пікір білдірді

Алматы тұрғындары "Нұрлы Тау" бизнес орталығы аумағында "өрт" сөндірілген сәттің куәгері болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ондаған өрт сөндіру көлігі мен тікұшақ көрінеді.

Тағы бір видеода тікұшақтан арқан түскенін көруге болады, сол арқылы ғимараттың төбесінен екі адам көтерілген.

Бұған дейін Алматы ТЖД халықты 17-30 маусым аралығында "Орион" ТК аумағында 1 шілдеге жоспарланған ТЖД ауқымды тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларына дайындық жүретінін хабардар еткен болатын. Бұл жаттығуларға қаланың барлық шұғыл қызмет бөлімшелері, соның ішінде өрт сөндіру есептері қатысады.

"Техниканы ол жерге орналастыру - жоспарлы жаттығудың бір бөлігі. Бұл кезде бөлімшелер техникалық дайындықтан өтеді. Мұндай жаттығулар нақты төтенше жағдай кезінде барлық қызметтің үйлесімді және тиімді жұмыс істеуі үшін өткізіледі. Түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді ТЖД өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!