- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- жалған ақпарат
Алматы тұрғындары қоғамдық көлікпен 6 ай тегін жүретіні рас па?
Алматы әкімдігі әлеуметтік желіде Алматы тұрғындарына қоғамдық көлікпен 6 ай тегін жүру құқығы берілетін бонустардың таралып жатқаны жайлы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"6 ай тегін жүруге болатын бонус"
Facebook желісінде Алматы тұрғындарына арналған хабарлама тарады. Онда жаңа жылдық мереке қарсаңында тұрғындарға қоғамдық көлікпен тегін жүруге болатыны жайлы жазылған. Арнайы карта алу арқылы халыққа бонустар беріліп, қоғамдық көліктің кез келген түрімен 6 ай бойы тегін қатынауға болатыны көрсетілген.
Ақпарат - фейк
Ақпараттың анық-қанығын білу үшін Мassaget.kz тілшісі Алматы әкімдігінен жауап алды. Олар желіде тараған ақпараттың жалған екенін айтты. Олар осы сынды алаяқтардың тұрғындардан ақша өндіріп жатқанын, көпшілікке мұндай ақпараттарға сенбеу керектігін ескертті.
"Алматы қаласының көлік холдингі" тегін көлік карталарын, сондай-ақ қоғамдық көлікте тегін жүретін түрлі бонустар мен артықшылықтарға картасын таратпайтынын және серіктестік желілеріндегі жеңілдіктер мен т.б. акцияларды жүргізбейтінін хабарлайды", - делінген түсініктемеде.
Сондай-ақ "Оңай" қызмет орталығы желі қолданушыларына сыртқы сілтемелерге өтпеуді, жеке деректерін бермеуге шақырды.
Барлық ресми ақпаратты onay.kz сайтынан немесе +7 727 397 01 91 байланыс орталығынан алуға болады.
Еске салайық, бұған дейін көкшетаулық зейнеткерлер жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүре алатынын жазған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Литпин