Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:09-да жер сілкінісін тіркеген.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.
Еске салайық, бұған дейін, 5 ақпанда сағат 13:42-де Алматыда жер сілкінісі тіркелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова