Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді. Десе де Алматы тұрғындары да әлеуметтік желіде жер сілкінісін сезгенін жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 5 ақпанда Астана уақытымен 13:42-де жер сілкінісі тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Жер сілкінісі былай сезілген:

  • Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы - 3 балл, 63 шақырым;
  • Жетісу облысы Текелі қаласы - 3 балл, 74 шақырым;
  • Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы - 3 балл, 79 шақырым;
  • Жетісу облысы Сарқанд ауданы Сарқанд қаласы - 3 балл, 84 шақырым;
  • Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті - 2 балл, 95 шақырым;
  • Жетісу облысы Талдықорған қаласы - 2 балл, 109 шақырым;
  • Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық-Би ауылы - 2 балл, 117 шақырым;
  • Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы - 2 балл, 129 шақырым;
  • Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы - 2 балл, 139 шақырым;
  • Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы - 2 балл, 147 шақырым;
  • Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылы - 2 балл, 151 шақырым;
  • Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көкпек ауылы - 2 балл, 158 шақырым;
  • Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы - 2 балл, 165 шақырым.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы 4 желтоқсанда сағат 12:45-те Алматыда жер сілкінісі тіркелді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!