Алматыдағы "Алтын бұлақ 2" тұрғын үй кешенінде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан үйдің ауласында жиналған көп адамды көруге болады. Кіреберістердің бірінде бірнеше өрт сөндіру көліктері тұр.
"21 мамырда сағат 20:30-да Алматы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167, "Алтын бұлақ" тұрғын үй кешеніне жөнелтілді", - деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
18 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде аумағы 15 шаршы метрде жиһаз өртенген.
"Өрт 20:54-те ауыздықталып, 21:00-де сөндірілді. Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ. Жеке құрамның 80 қызметкері және 23 бірлік техника жұмыс істеді. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!