Жемқорлық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалып, кейін ақталған Алматы ТЖД бұрынғы басшысы Руслан Қасыбаев Қаржы министрлігі үстінен моральдық шығынды өтеу туралы талап арыз берді. Іс Алматының Алатау аудандық сотында қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талапкер Қаржы министрлігіне 100 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтеу туралы талап қойып, сотқа жүгінді.
"Талапкер бір жарым жылдан астам уақыт бойы заңсыз қылмыстық қудалауда болып, моральдық азап шегіп, қорлану, ашу, күйзеліс, ұят, үмітсіздік, ыңғайсыздық жағдайында болды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу және прокурордың рұқсатының болмауына қарамастан, Қасыбаевтың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы хабарламалар бұқаралық ақпарат құралдарында заңсыз жарияланды. Бұл ақпарат қоғамдық айыптаудың негізсіз толқынын тудырды, бұл талап қоюшыға жақын туыстары, жұбайы мен балалары үшін қатты эмоционал-психологиялық нұқсан әкелді, олар сын-ескертпелерге жауап ретінде ақталуға мәжбүр болды, ал балалар күйзеліске түсіті, бұл баланың өсу және әлеуметтену процесіне әсер етеді", - делінген сот шешімінің сипаттамалық бөлігінде.
Сот парасаттылық пен әділеттілік талаптарын ескере отырып, талапкердің 3 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу туралы талаптарын қанағаттандыру орынды деп тапты. Осылайша, Қасымбаевтың моральдық зиянды өтеу туралы талабы ішінара қанағаттандырылды. Көрсетілген соманы мемлекеттік қазына есебінен төлеу міндеті жауапкерге - Қаржы министрлігіне жүктелді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!