Алматыдағы Талғар асуы маңында жоғалған 73 жастағы Оңтүстік Корея азаматын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ер адамды бір айдан астам уақыт бойы іздегенімен, әзірге табу мүмкін болмады. Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Tengrinews.kz сауалына берген жауабында хабарлады, деп жазады Massaget.kz.
Турист таудан өзі түспек болған
Бұған дейін хабарланғандай, 28 қыркүйекте 73 жастағы Корея азаматы топпен Шымбұлақтың аспалы арқылы тауға көтерілген. Кейін ол серіктеріне бағытын жалғыз жалғастырып, қалаға өздігінен түсетінін айтқан.
Алайда ер адам қонақүйге оралмаған. Оның жоғалғаны туралы ақпарат 29 қыркүйекте құтқарушыларға түсіп, іздеу жұмыстары басталды.
Іздеу жұмыстары бір айдан астам уақытқа созылды
2 қарашадағы жағдай бойынша туристің қайда екені анықталмады. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ер адамның әлі табылмағанын растады.
Іздеу жұмыстарына не кедергі келтіріп жатыр?
Іздеу жұмыстарының алғашқы күндерінде Төтенше жағдайлар министрлігі мен полиция қызметкерлері, еріктілер, кинологтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және авиация жұмылдырылды. Таулы аумақтар кезең-кезеңімен тексерілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Іздеу жұмыстарын күрделі тау бедері, тексерілетін аумақтың ауқымдылығы және биіктіктің айтарлықтай құбылуы қиындатып отыр. Құтқарушылар жетуі қиын жерлерге, тау беткейлері мен шатқалдарға ерекше назар аударып отыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай