Алматы тауындағы Букреев шыңында туристер мен балалар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, түнде құтқарушыларға Букреев шыңына (3010 метр) көтерілген туристер тобы туралы хабар түскен. Топ құрамында үш бала болған. Балалардың бірі өзін жайсыз сезінгендіктен эвакуация қажет болған.
Министрлік мәліметінше, 8 жастағы ұлдың жүрек соғысы жиілеп, басы айналған және әлсіздік байқалған.
ҚР ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Бутаков шатқалының күрделі бөлігін жаяу жүріп өтіп, таулы жерге көтерілген.
"Туристер маршрут бойында табылды, бала ұйықтап жатқан, жалпы жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды", – делінген хабарламада.
Содан кейін құтқарушылар баланы топтағы ересек адамның сүйемелдеуімен таудан төмен түсіріп, қауіпсіз жерге жеткізген.
Құтқарушылардың кеңестері
Бұған дейін тәжірибелі қазақстандық құтқарушы Вадим Пак тауға шықпас бұрын есте сақтау қажет бірнеше кеңес берген:
Сондай-ақ, құтқарушылар туристерге маршруттарын күндіз жоспарлауға кеңес береді. Жол ұзақтығын және физикалық мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалау - кейде денсаулықты ғана емес, өмірді де сақтап қалуы мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!