- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы тауларындағы өзендерде...
Алматы тауларындағы өзендерде су тасқыны болуы мүмкін
Фото:
kr.forwallpaper.com
Алматы тауларындағы өзендерде су тасқыны болуы мүмкін.
Синоптиктердің мәліметінше, су тасқыны 6-10 ақпанда ауа температурасының жоғарылап, жауын-шашынның түсуі салдарынан болады.
Бұған дейін синоптиктер 6-8 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қар жауатынын айтқан еді. Олардың мәліметінше, дүйсенбіде тропосфералық ағындар оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ауысып, Кольск түбегі ауданынан суық ауа Қазақстанның солтүстік жартысына жайыла бастайды.
Дереккөз: tengrinews.kz
Г. Берік