Алматы тауларында 16 жастағы қыз зардап шеккен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құтқарушыларға теңіз деңгейінен шамамен 2650 метр биікте орналасқан Шүкір сарқырамасы маңында аяғын қайырып алып, өздігінен төменге түсе алмай қалған қыз туралы хабарлама түскен.
ТЖМ "Барыс" РҚҚ құтқарушылары оқиға орнына жетіп, зардап шеккен қызға алғашқы көмек көрсетіп, оны төменге түсірген.
"Мамандар қызды төменге дейін алып түсіп, ата-анасы күтіп тұрған жерге жеткізді. Одан кейін зардап шеккен қыз жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!