Алматы тауларында турист қаза тапты

Алматы тауларында төрт адамнан тұратын топтың бір мүшесі қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 22 ақпанда таңертең Титов асуында 3400 метр биікте екі турист қар астында қалып қойған. Олардың біреуі өздігінен шыға алған.

"Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, "Барыс" РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қар астынан қаза тапқан адамның денесі шығарылды", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері, құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз