Алматы тауларында сел жүру қаупі бар

Алматы тауларында сел жүру қаупі бар
Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматы тауларында сел жүру қаупі бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар қызметі тұрғындар мен туристерді тауға шықпауды сұрайды.

Қазгидрометтің хабарлауынша, кеше басталған нөсер салдарынан Кіші Алматы мен Үлкен Алматы өзендерінің бассейнінде селдің қалыптасу қаупі жоғарылады. "Қазселденқорғау" мекемесінің бөлімшелері қауіпті аумақтарды тәулік бойы жіті бақылау режиміне көшкен.

Төтенше жағдайлар қызметі сел ағынынан құтылу мүмкін емес екенін ескертіп, қалалықтар мен қала қонақтарын таулы аймаққа әзір мүлде жоламауға шақырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина