Алматы тауларында жоғалып кеткен студент өлі табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен студент өлі табылды
Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

Алматы тауларында жоғалып кеткен студент өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді.

"Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", – деп жазылған еріктілер жариялаған хабарламада.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған адамның мәйіті табылғанын растады.

"Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деді ПД баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, 18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде жоғалып кеткен болатын. Туыстарының айтуынша, ол тауға кеткен. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалы маңында тіркелген. Іздеуге 40-тан аса адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына авиация, кинологтар мен дрондар тартылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget