Бүгін Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Алдын ала дерек бойынша, ол төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист.
"Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен еді.
Таудағы климаттың күрделілігіне, тау маршрутының ерекшеліктеріне, тастың құлауына және жартасты рельефке қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді", - делінген хабарламада.
Табылған ер адамның жеке бас деректері анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!