Алматы тауларында жоғалған тағы бір қазақстандық өлі табылды

Алматы тауларында жоғалған тағы бір қазақстандық өлі табылды
Фото: Марқұмның жақындары ұсынған сурет

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тауда жоғалып кеткен қазақстандық қаза тапқанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Threads желісінде 27 шілдеде тауға шығып, жоғалып кеткен 20 жастағы Алан іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. 

"29 шілдеде Жастар шыңы маңында жоғалып кеткен адамның денесі табылды. Жастар шыңы Алматы іргесіндегі Іле Алатауында орналасқан, теңіз деңгейінен биіктігі - 4147 метр. Оқиға орнында Алматы Полиция департаментінің қызметкерлері және ТЖД психологы жұмыс істеп жатыр", – деді ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Алматы тауларында жоғалған 20 жастағы жігітті құтқарушылар, кинологтар, еріктілер мен ТЖМ-нің тікұшағы екі тәулікке жуық іздеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында 18 жастағы Ақылбек Нұрислам жоғалып кеткен болатын. Ол тоғыз күн өткен соң өлі табылды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget