Алматыда бесінші күн қатарынан құтқарушылар 18 жастағы студентті іздеп жатыр. Ол Үлкен Алматы сайы маңында жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іздеуге 40-тан аса адам тартылған: Алматы қаласының құтқару қызметі (109), республикалық жедел құтқару жасағы, ТЖД, шекара қызметі, полиция және еріктілер. Авиация, 8 техника, 4 кинологиялық есеп және 3 дрон жұмылдырылған.
Алматы қалалық құтқару қызметінің (109) баспасөз қызметі мәліметінше, іздеу топтары үш бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр:
ТЖД жедел штабы "Аюсай" визит орталығы аумағында орналасқан.
Жедел штабта жоғалған жасөспірімнің 10 туысы бар. Бүгін құтқарушылар іздеуді жаңа бағыттарда жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, студент 2 шілдеде тауға кеткен, содан бері із-түзсіз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!