Алматы тауларында ер адам жартастан құлап кеткен

Алматы тауларында ер адам жартастан құлап кеткен
Фото: Видео кадры

Алматы облысы Қарасай аудан Терра алаңы маңында, теңіз деңгейінен 2610 метр биікте ер адам жартастан құлап, жыраға түсіп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол құлағаннан кейін ес-түссіз күйде жатқан. Оқиға орнына ТЖМ республикалық құтқару қызметінің "Барыс" құтқарушылары, Алматы қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жіберілген.

Құтқарушылар Проходное шатқалы арқылы жаяу жүріп өткен, осылайша зардап шеккен адамға жетіп, дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

"Ер адам басын тасқа соғып, жарақат алған. Зардап шеккен адам таулы аймақтан қауіпсіз жерге шығарылып, медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.

Мамандар зардап шеккен адамды әрі қарай медициналық тексерістен өткізу және көмек көрсету үшін №12 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget