Алматы тауларында көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктер қар көшкіні қаупі туралы ескерту жариялады: 23-26 сәуір аралығында қардың еруі мен қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін.
Алматы тауларында көшкін қаупінің жоғары дәрежесі сақталып отыр: көшкін қаупі аймағына адамдардың өтуіне шектеу мақсатында: " Алматы қаласы - Космостанция" автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және - "Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы" автожолындағы Эдельвейс көшкін жинау ауданында, қосымша "Бутаковка", "Кимасар" шатқалдарында блок-бекеттер орнатылған.
Көшкін қаупі кезеңінің басынан жолдардың алдын ала жабық учаскелерінде және адамдар өтпейтін аумақтарда жалпы көлемі 500 мың текше метрден асатын 110-нан астам қар көшкіндердің өздігінен түсу жағдайы болған.
Өз кезегінде, қар көшкінінің 20-дан астам профилактикалық түсуі жүргізілді, жарылғыш әдіспен 50 мың текше метрден астам қар массасы түсірілді, зардап шеккен адам жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!