Алматы тауларында көшкін қаупіне байланысты блокпосттар қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктер дауыл туралы ескерту жариялады. 23-26 сәуір аралығында қар еруі мен қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін.
"Алматы тауларында көшкін қаупінің жоғары дәрежесі сақталып отыр, көшкін қаупі аймағына адамдардың өтуін шектеу мақсатында Алматы - Космостанция тасжолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы тасжолындағы Эдельвейс аумағында, қосымша Бутаковка, Кимасар шатқалдарында блокбекеттер орнатылған", - делінген Алматы ТЖД хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!