Алматы тауларында бес жасөспірім адасып кеткен

Алматы тауларында бес жасөспірім адасып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Мынжылқы үстірті маңында теңіз деңгейінен шамамен 3000 метр биікте Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметінің құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізген.

"Бес жасөспірім таңертең ерте тауға өздігінен көтерілген. Алайда кері қайту кезінде соқпақтан адасып, бағыттарын жоғалтып, өздігінен төмен түсе алмаған. Құтқарушылар олардың нақты орналасқан жерін жедел анықтады", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жасөспірімдерді тауып, қауіпсіз бағытпен төмен түсірген. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!